Жазғы демалыс
Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.
Өлкемізді аралап,
Ұлан-байтақ, кең, алып,
Қош келдіңдер, балалар,
Жазда жақсы демалып.
Жаз келеді жайып құшақ
Каникулға аттандық.
Қандай қызық бақытты шақ
Талай істер атқардық.
Демалыс сағатында –
Еркіндеп қаласың да.
Боласың ойнап-күліп,
Қанатты қағатын да.
Тұнған әсем тауы нуға,
Ақшаңқан үй бауырында.
Демалыста барам ылғи,
Ата-әжемнің ауылына.
Бүгін қатты ұйықтаппын,
Бір кез шошып ояндым.
Сағат сегіз боп қапты,
Қар басыпты үй алдын.
Өтсең де ең бақытты кезден сан мейлі,
Ол шақты түрлі ойлар басып кез кермейді.
Өткенді ешқашан да сағынбаңдар адамдар
Бәрі-бір ештеңе де артқа қайтып келмейді...
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі