Жазғы демалыста – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жазғы демалыста» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2752
Жаз келеді жайып құшақ
Каникулға аттандық.
Қандай қызық бақытты шақ
Талай істер атқардық.
Болдық біздер қойлы ауылда,
Колхоз малын бағыстық.
Жасыл кілем жайлауында
Тайға мініп жарыстық.
Астығын да жинастық біз,
Жалықпадың, шынықтық.
Жылда осылай сыйластық біз,
Жылда осылай тынықтық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері