Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (6)

Айнам шырақ

Ішімді біл деген соң, ішімді біл, айнам шырақ,
Өткен дәуір бұрынғы есіңде ме.
Өткен дәуір бұрынғы есте болса, айнам шырақ,
Көп ойланып ал оны есінемей.

Толық

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Сенсіз де жетіп жатыр құрған қақпан...
Сол «сылқым» бұл дүниеде біреу-ақ қой
Өзгесі болса, іздерсің басқа жақтан.

Толық

Шырақ

Осы бір құбылысқа
Ежелден қанықпын:
Жанымның
Алыс бір түкпірінде —

Толық

Шырақ

Жанды шырақ шекемде,
Тұлғаң ғазиз,ерке ме?
Белгілеп жүрек тұсымды
Біз қададың,шеге ме?

Толық

Бердім бата

Сұрасаң бата берейін,
Қолыңды жай қарағым,
Жақсы тілек тілейін,
Әумин деп қой шырағым!

Уа, Аллағым оңдасын,
Жаманшылық болмасын,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

Жалғыз тәңір қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Кәсібің биікке өркендеп,
Еккен егін солмасын!

Жер жарылып, гүл болсын!
Жау қырылып, шөп болсын!
Жаман пиғыл, жоқ болсын!
Жақсы амалың, мол болсын!

Толық

Жүректегі мейірім пиғылы

Қалайша осы күнге дейін бәрін байқамадым,
Заман емес, адамдар құртқандығын,
Алайда адамдағы жылулықты мен аңсадым,
Аңғармаппын жүректегі шоқ, қара тасқа айналғанын!

Қайта жақсаң, жанама екен ей, шырақтық?
Итте болса мейірім беріп қарап бақтық,
Түбінде саған жау боп, маған шапты,
Қадірін білмеген неткен жаман ех, жарықтық!

Сол үшін де жүрегің қарайды ма?
Мейірім іздеп жүрегің жылайды ма?
Бес күндік мына өмірге зорға келген,
Көңілді, Иманды, Адамгершілікті болу тым қиын ба?

Жаман болса өзіне, өзің үшін жауап бер,
Осы сөзім жүрегің де болсын шер,
Бұл өмірде жақсылыққа сауапсыз, Жамандыққа қалмайды жауапсыз!

Толық

Каспий жағасында

Каспий толқындары бұрқ-сарқ етеді,
Жәй долданса ей, шырақтық қайтеді,
Қасиетті Маңғыстаудай жерім де,
Салқын самал бетіме келіп еседі.

Тастасам алыстарға көзімді,
Сүйіп қосқан келіндей бір көнеді,
Дымқыл ауаны тереңірек бір жұтсам,
Осы сәтте мәңгі болғым келеді!

Ойпырмау сүйсінгенше күнде батты,
Күндегіше мінезі жоқ жасап ақты,
Күннің нұры судың бетін өртегендей,
Уа, Жаратқан сөндірмеші осы өртті!

Толық