Ақын деген...
Ақын деген тұңғыйықтың тереңі,
Ақын деген адамзаттың керегі.
Ақын деген бар шындықты пенденің,
Қысылмастан бетіне айтып береді.
Ақын деген тұңғыйықтың тереңі,
Ақын деген адамзаттың керегі.
Ақын деген бар шындықты пенденің,
Қысылмастан бетіне айтып береді.
Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.
Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Шал Құлекеұлы
Анам сіздің көзіңізден жас көрмейін,
Ешкімді де тек сізден қас көрмейін,
Сізді қатты жақсы көремін дей отырып,
Жан жылуы шашатын нұр көрейін!
Сіз сәбиді, аялап бақытым деп,
Ыстық сезім алау отын жағыппын деп,
Сіздің мына әр күніңізге тілей бақыт,
Күлкі көрейін әр сағаттың уақытын да!
Сіздей ана әлемнен табылмайды,
Әкем сізді әділ жан деп бағалайды,
Сол сенімді жүрегіңізге мың бір алғыс,
Жылу жанып тұрған жүрегіңіз жабылмайды.
Отбасым болсын отқа күйем,
Отаннан патриоттық сезім түйем,
Сол сезімді үйреткенде анама,
Сізді шын жүрекпен мәңгі сүйем!
Сүйіспеншілікпен берген суда тәтті,
Бисмиллямен бастаған істе сәтті!
Құдайы қонақ әр адамға сый көрсеткен,
Екі өмірде несібесі болады көпті!
Сыйла адамды, жақсы болсын, жаман болсын,
Құрмет көрсет көпті болсын, кемді болсын!
Әр тіршілік иесіне өз мейіріміңді көрсетіп,
Берілген сауабы әрқашанда қабыл болсын!
Бақытты болуға әр адамың әр адамың лайық!
Әр адамның таңдауы өзінде ғой ол анық!
Егер шынайы сүйіспеншілігіңді көрсетсең,
Сауап пен еселеніп қайтары осы нық!
Басқалар жаман болса, жаман болсын,
Басқалар ессіз болса, ессіз болсын,
Оның таңдауы бөлең, жолы бөлек,
Сондықтан да жақсы таңдау өзіңнен болсын!
Ешкім сені бауырындай көрмейді
Ешкім тыңдап, көңіл бұра бермейді,
Еңбекпенен көтермесең өзіңді,
Бет айналып, қолын бір-ақ сілтейді!
Жуас болсаң, басқа шығып өрлейді,
Өзіңді ойласаң, тас жүрекке теңейді,
Жамандайды, көралмайды иттей қып
Ешкім саған жақсылығын бермейді!
Құрметтемей, ешкім арттан ермейді,
Бетке басып, сөзбен көміп жерлейді,
Жақсылығың артта қалады жасаған,
Содан сені ешкім жақсы демейді.
Қателессең қайта саған сенбейді,
Өз қайғыңды, өзің ұстап жең дейді
Сені қарғап, жаман көрген адамдар
Жәй әншейін қадіріңді білмейді.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі