Ешкім – Арсланбек Абдраманов

Бұл бетте «Ешкім» атты Арсланбек Абдраманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ешкім сені бауырындай көрмейді
Ешкім тыңдап, көңіл бұра бермейді,
Еңбекпенен көтермесең өзіңді,
Бет айналып, қолын бір-ақ сілтейді!

Жуас болсаң, басқа шығып өрлейді,
Өзіңді ойласаң, тас жүрекке теңейді,
Жамандайды, көралмайды иттей қып
Ешкім саған жақсылығын бермейді!

Құрметтемей, ешкім арттан ермейді,
Бетке басып, сөзбен көміп жерлейді,
Жақсылығың артта қалады жасаған,
Содан сені ешкім жақсы демейді.

Қателессең қайта саған сенбейді,
Өз қайғыңды, өзің ұстап жең дейді
Сені қарғап, жаман көрген адамдар
Жәй әншейін қадіріңді білмейді.

Өз қатесін мойындамай терлейді,
Қолын сілтеп, кінәлі жан сен дейді,
Ешбір жаннан күтпегейсің көмекті,
Сағың сынса өз күшің бар дейді.


Пікірлер (1)

Улболсын

Ешім сені бауырындай көрмейді деген тақпақты толығырақ

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар