Қызыл шоқтай жанып тудым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қызыл шоқтай жанып тудым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Қызыл шоқтай жанып тудым,
Жалындап бір қалайын.
Жанарымды жарық күннің
Жанарына қадайын.
Жанайыншы күндей лаулап,
Кірпігімнен тамсын нұр.
Көлеңкелер бұқпантайлап,
Көңілім жайнап қалсын бір.

1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері