Өлең, жыр, ақындар

Өстік

Өстік міне арта қалды балалық,
Енді міне болмауы керек шалалық,
Әр ісің үшін өзің жауап беретіндей боп,
Болмайды енді мынау кіші деп алалық.

Жас кезімде армандадым тезірек ер жетсем деп,
Сабақ оқымай, қыз қуып, ойын ойнап көңіл көтерем деп,
Қазір енді бәрі кері жүріп кеткендей,
Сабақ оқып, жұмыс жасап, қыз түгіл ойынға да уақыт жоқ!

Ержетім міне қас-қағым сәтте әп деп,
Төгіледі кедергіден-кедергі сақ-сақ деп,
Көтеру қиын болса да үлкендікті,
Ешкім саған оңай болады демепті!

Бала кез ғой ең ғажайып сәт қарық күлген,
Ойын-ойнап достармен уақытты бақытты өткізген,
Қыз қуып, сөз салып, өтірік болсын үйленіп,
Сағындырмай қоймайды ғой сол баяғы шалалық!

Ақыл тоқтатып, бәрін ойға салып есейдік,
Ілім, білім жинап, ғылым қуып кемелдендік,
Алла елшісінің қызы, сахабада ақыретін қорқынышпен ойған да
Ақыретім жақсы болады деп, біз кімімізге сендік!?

Кімге сендік жақсы болар деп ертең-бүгін,
Дүние жинап, отбасын құрам деп сәресін,
Уақыт өтеді-кетеді үлгер өмір сүруге,
Балалықты таста енді міне есейдің!

Ата-анаң енді мүлдем көмектеспейді,
Оларда қасың да мәңгі бақи жүрмейді,
Енді сен оларды бағатын кезің келді!
Жақсы ғой баға алсаң бастап өзіңді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз