Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (107)

Жүйрік ой

Келемін өмір атты мен қайықта,
Ойлармен арпаласып жалғыздықта.
Армандарға шарықтап жетсем деген,
Кейде биік таулардамын, кейде аласа.

Толық

Ей, дүние

Ей, дүние, сен сағымсың жеткізбейтін,
Талайы қызығыңды көрсем дейтін,
Кейбірі қол бұлғап шақырады,
Әйтсе де, кез-келгенге кезікпейсің.

Толық

Жылы сөз

Жылы сөз жанды жылытар,
Бойды тербеп, қуанып , сүйіп тыңдар
Жылан екеш жыланда қадірлейді
Жылы- жылы сөйлесең, іннен шығар.

Толық

Уақыт

Уақытша ғой бұл күнде,
Қадіріңді білгенге.
Сыйластыққа не жетсін,
Сіз, біз десіп жүргенге.

Толық

Жүрек

Ауырады жүрек, ауырады,
Бір өзіңе түседі тіршіліктің бар салмағы.
Қуаныш пен қайғыны бөлісетін,
Ауыр жүкті көтеретін нардай мықты.

Толық

Жер Ана

Неткен сұлу табиғатым ғажапсың
О, тәңірім,қалай бәрін, жараттың
Әдемілік әлемі көз алдыңда
Ей, адамдар көңіл қой , тура қара.

Толық

Гүлдер

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қандай сұлу көпсіңдер.
Тербелесің жай ғана
Желмен бірге шайқала.

Толық

Ертегілер

Ертегілер балалықтың тәтті дәмі
Болса ғой өмірде ертегідей бәрі.
Адамдар қайғы- мұң көрмесе,
Жас пен кәрі де өлмесе,

Толық

Жаңалық

Алыспен де, жақынмен де кездескен де
Бірімізді біріміз көрмесек те,
Сұраймыз қалың қалай, не жаңалық
Шағын ғана жанұяда,әулетте.

Толық

Жолдар

Жолдар елді мекенді біріктірер
Жақсылық та жамандық жолмен келер.
Жолаушылар жүрген ұзақ жол,
Адамдарды тәубесіне келтірер.

Толық

Өткенім мен бүгінім

Қимаймын мен өткенімді,
Болды бәрі қызықты.
Дегеннің бәрі болды,
Болса екен мен де осы.

Толық

Қарлығашым

Балалықтың бал дәурені есімде,
Көрші тұрды қарт адамдар біздерге.
Саз балшықты шағын ғана үй еді,
Жылда келіп қарлығаш сонда қонады.

Толық

Ауыл

Ауылды адам кейде сағынады,
«Ауыл» деген қандай ыстық аты.
Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік.
Ауыл десе ата-әже ойға оралады.

Толық

Ойлаған болашақты

Жаса,жаса қазағым мәңгі жаса,
Мақтанамын мен қазақ болғаныма.
Қайран бабам ойлаған болашақты,
Жер жүзіне паш етемін мен паңдана.

Толық

Үзілген ән жалғассын

Махаббат әні үзілді,
Көңілге қоңыр күз келді.
Сыздатып баяу ауыртар.
Шаншып бір өтер жүректі.

Толық

Әке

«Әке» деген бір тұлға
Ыстық сөз ғой әрбір жанға.
Әкеммен мен мақтанамын,
Жақсы ісімен шаттанамын.

Толық

Немерем

Айналайын құлыншағым немерем,
Сені ойласам қуанышқа кенелем.
Балдай тәтті үрпиген сол түріңді
Еш нәрсеге, еш қашанда теңемейім.

Толық

Әдемілік

Әдемілік жаулап алар жүректі,
Әдеміге қарай бергің келеді.
Әдеміні ұстап көрсең қолыңмен,
Әдемілік баурайды жан дүниеңді.

Толық

Елік-ай

Таңға жуық бір түс көрді
Әлем жаңарып, өзгерді.
Жасыл кілем,көк майса
Дала ғажап құлпырды.

Толық

Өлең

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Бәлелікті қуалап термек үшін,
Түсінгендер түсінер мені сірә,
Түсінбесе дауым жоқ өзі білсін.

Толық