Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ей, дүние

Бұл бетте «Ей, дүние» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, дүние, сен сағымсың жеткізбейтін,
Талайы қызығыңды көрсем дейтін,
Кейбірі қол бұлғап шақырады,
Әйтсе де, кез-келгенге кезікпейсің.

Ей, дүние, сен қызылсың қызығатын,
Емессің бәріне бірдей бұйыратын.
Біреуге беріп бәрін көтересің,
Біреулер жете алмай сан жылайтын.

Ей, дүние, болдың сен қымбат неге?
Сенсіз бұл өмірдің мәні неде?
Сүйгеніне қарамаған сұлудайсың,
Жабысасың біреулер қадіріңді білмесе де.

Ей, дүние, сенсіз өмір неге өзгеше,
Сенбедің сәнін келтіретін ендеше.
Тарқ еттім әлемнің бәрін саған,-дер едім,
Тәкәппар дүние алдымнан кездессе.

Ей, дүние, не дер едің жан бітсе,
Алдыңа пендең келіп сөйлессе.
Дер ме едің, кінәні менен іздеме,
Семіздікті көтереді қой ғана
Надандығы оның да кеудесіне нан піссе.

Ей, дүние, жалған өмір,
Дүние үшін қалмасын көңіл.
Сіз, біз десіп сыйласып,
Жүрейік сезініп жеңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, дүние өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Ей, дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер