Жүрек

Бұл бетте «Жүрек» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ауырады жүрек, ауырады,
Бір өзіңе түседі тіршіліктің бар салмағы.
Қуаныш пен қайғыны бөлісетін,
Ауыр жүкті көтеретін нардай мықты.

Ауырады жүрек, ауырады,
Маңдайға жазылғаны сол болады.
Күтеміз, болжаймыз жақсылықты,
Әйтседе құдайдың дегені сол болады.

Ауырады жүрек ауырады.
Тамырлы жүрек бәріне шыдап, бақты.
Болса дейміз жеңілі мен тәттісі,
Өмірдің бар ауыры мен ащысы.

Ауырмашы жүрегім ауырмашы,
Тілеймін мен саған тек бақты.
Аналық сезіммен ризамын,
Тек болшы бақытты, бақытты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер