Оян, Ұлы дала елі!
Ашық аспаның түнерді.
Халің сенің өзгерді.
Оян,енді қазағым,
Оянатын кез келді.
Ашық аспаның түнерді.
Халің сенің өзгерді.
Оян,енді қазағым,
Оянатын кез келді.
Бас имедің өмір жолы саған қиын болса да,
Бір пайдамды қыламын деп жәбір көрдің қаншама,
Армандадың өз еліңді тәуелсіз ел етуге:
-Мынау жәбір көрген халық созылады қаншаға?!
Таң. Өзен жағасы. Қызыл арай.
Жағалап жүгіремін саған қарай.
Ақша бұлт, қызыл түсті күн сәулесі.
Шағала қиқулықтап жарысады-ай.
Қанатым болса аққудай,
Тұра алмаймын бақ қумай.
Бір көлден орын тебемін,
Жалғыздық жеген сатқындай.
Құраған ақындардың жыры ағат па.
Ақтарған шындығымен сыры ағат па.
Қазақы қара сөзідің құны жоқ па,
Шаң басып жататындай мұрағатта
Өткердік талай ауыр күндерді бұралаң.
Хақ Тәңір беріп, тілегімізді сұраған.
Егемендіктің жолында,
Кетпедік жаттың қолында.
Тамсанамын әлі де сұлулыққа,
Қазақ қызы сай екен ұлылыққа.
Қанша дағы айтқанмен жеткізе алмас,
Қазақ қызы жақын ғой жылылыққа.
Өміріміз қасірет пен өтірікке толар ма?
Сол себептен өмір гүлі солар ма?
Қалғаны тек сендегі бір намысың,
Намыс кетсе адамдықтан қалар ма?
Мен қазақпын!
Тылсыммен үндесетін,
Тып - тыныш күн кешетін,
Жат болып туылмайтын,
Бұл күндері төбем көкке жетпей жүр,
Азат күннің бәрі дерлік ғажап күн.
Тәуелсіздікке жиырма жеті жыл толды,
Дами берген алға басқан, қазақ бұл.
Сынақ өмір емтихан адам үшін,
Әр бір пенде лайықты табар ісін.
Ала жолдай ақ қара өмір деген,
Дағы қалар бассаңда табан ұшын.
Ей, адамдар, құлақ салып, тыңдаңдар,
Ұйқыңды аш, қалғымай, ояныңдар!
Зейін қойып айтқанымды тыңдашы,
Бір айтам, естімей мені қалмаңдар!
Бабалар қанын төккен туған елім,
Аналар жасын төккен туған жерім.
Тарихымды саналап оқығанда
Болған екен рух берген ұлы хандар.
Шет елге асып асып барасың ,
Тізгініңді тежемей...
Айналаңа қарашы,
Айдалаға жөнелмей!
Ишарат сөз айтылған бұл басшыларға ,
Басшы татпас тұщы мен ащы барма?
Көптің жүгін көтерер елбасылар ,
Белдерден қиын-қыстау бассын алға...
Ұлы Абай жұртқа қамқор аға болған ,
Ақылы ,парасаты дара болған
Менменсіген мықтының мысын басып ,
Жəбір көрген кімге пана болған...
Тауларға алыстағы көп қараймын,
Өзіңді таудың ұлы деп санаймын.
Мұнартып, шаңытады елес бейнең,
Ішінен ақ қайың, көк қарағайдың.
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!
- Жорж Батай
- Жорж Батай
- Жорж Батай
- Жорж Батай
Барлық авторлар