Кеңгірбайды жоқтау
- 0
- 0
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Бұл бетте «Абай дана Абай дара қазақта» атты Сапаркүл Қабланбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Қара бір таудың жылғасы,
Халқына бағлан құлжасы.
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы.
Әуелі адам пайғамбар,
Екінші сөзім Мұхамбет
Дүниеге шықсаң-бар өлім,
Мұхамбетке болса үмбет.
Өлім менің ойбайым,
Істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да жияйын.
Шоқан сүйген жарымыз,
Жігіттің гүлі, нарымыз.
Ажалға тоқтау бола алмай,
Сарқылды қолда барымыз.
Әуелі Құдай, Пайғамбар.
Екінші сөзім Мұхамбет.
Бейнетті басқа бір өлім.
Мұхамбетке болса үмбет.
missnice
Менің ойымша әрбір қазақ Абайды білуі керек , жəне оны насихаттау біздің парызымыз деп білемін