Алғашқы ұстазға
- 0
- 8
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
Бұл бетте «Адамгершілік» атты aidananm жазған адамгершілік туралы өлең берілген.
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
,Дейді солай әкеміз:
"Ұстазыңды ұлықта".
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа".
Елдің бір салты қашаннан -
Өнермен бағы жанған жер.
Төсінен ұшқан түлектің
Арманы биік болған жер.
Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - ауылымның мақтанышы.
Шомылдым Сырдың суына,
Аунадым қызыл құмына.
Балқыдым күннің нұрына
Шыныға бердім, шыныға.
Шыққан ерлер бұл төбеге
Батырлықтың жалауын ап,
Шыққан ерлер бұл төбеге
Төңіректі қарауылдап.
Айнұр
Осыған шығарған өлеңді жазу үшін не істеу керек?өтініш көмектессеңіздер екен.
Арман
Айнұр,кімге шығарған өлең?
анар
автор ким
Әсем
Анар, авторы КИМ емес)