Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (36)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Дана" туралы Мақал-мәтелдер

"Дана" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Ілмектер: дана, көңіл, тіл, ризық
WhatsApp Telegram

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас
WhatsApp Telegram

Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.

Ілмектер: аз, дана, тамшы, дария
WhatsApp Telegram

Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.

Ілмектер: батыр, дана, жау, сынақ
WhatsApp Telegram

Дана да емес,
Шала да емес.

Ілмектер: дана, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.

Ілмектер: дана, надан, парсы мақалы, сұрау
WhatsApp Telegram

Надан данамен өш.

Ілмектер: надан, дана, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Дана да,
Динар да шеше алмайды.

Ілмектер: дана, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.

Ілмектер: дана, бала, үйрету, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, дана, от, тау
WhatsApp Telegram

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Ілмектер: дана, кәрі, жас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, дана, бала
WhatsApp Telegram

Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.

Ілмектер: ел, ер, дана, жанұя
WhatsApp Telegram

Халық – дана.

Ілмектер: халық, дана
WhatsApp Telegram

Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.

Ілмектер: дана
WhatsApp Telegram

Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.

Ілмектер: бала, дана, шал
WhatsApp Telegram

Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.

Ілмектер: ана, дана
WhatsApp Telegram

Арттағыны қозғау — ағалық,
Алдағыны болжау — даналық.

Ілмектер: дана, ақыл
WhatsApp Telegram

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.

Ілмектер: бала, дана
WhatsApp Telegram

Дана,
Дананы да туған ана.

Ілмектер: ана, дана
WhatsApp Telegram