Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (26) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"арыстан" туралы Мақал-мәтелдер

"арыстан" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

«Арыстанмын» дегендер
Әдетте кесіртке болады.

Ілмектер: арыстан, кесіртке
WhatsApp Telegram

Арыстанда қырық кісінің күші бар,
Бір кісінің жүрегі бар.

Ілмектер: арыстан, қырық, күш, жүрек, бір
WhatsApp Telegram

Арыстанға түлкі айласы жараспас.

Ілмектер: арыстан, түлкі, айла
WhatsApp Telegram

Арыстан тісін «мамықтай жұмсақ» деме.

Ілмектер: арыстан, тіс, мамық, жұмсақ
WhatsApp Telegram

Арыстан жемін бас салса,
Ит үргеннен не пайда.

Ілмектер: арыстан, ит, үру
WhatsApp Telegram

Арыстан ақырса, ат аяғы тұсалар.

Ілмектер: арыстан, ат, аяқ
WhatsApp Telegram

Арыстан айға шапса,
Артқы аяғы сынады.

Ілмектер: арыстан, ай, аяқ, сыну
WhatsApp Telegram

Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады.

Ілмектер: аңшы, арыстан
WhatsApp Telegram

Алушы — арыстан,
Төлеуші — тышқан.

Ілмектер: алу, төлеу, арыстан, тышқан
WhatsApp Telegram

Айласын білген кісіге
Арыстан да бастығар.

Ілмектер: айла, арыстан
WhatsApp Telegram

Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.

Ілмектер: айла, арыстан, күш, тышқан
WhatsApp Telegram

Арыстан алғанына қуанбайды,
Шалғанына қуанады.

Ілмектер: арыстан, қуану, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды.

Ілмектер: арыстан, қарттық, тышқан, ін
WhatsApp Telegram

Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.

Ілмектер: арыстан, есек, қозы
WhatsApp Telegram

Арыстанды арбап ұстасаң да,
Қуыршақты зорлап ұстай алмайсың.

Ілмектер: арыстан, ұстау, қуыршақ
WhatsApp Telegram

Арыстан алыстан ақырса,
Аттың аяқтары шалынысар.

Ілмектер: арыстан, ат
WhatsApp Telegram

Ұйықтап жатқан арыстанды неге оятасың?

Ілмектер: ұйқы, арыстан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Арыстанның шеңгеліне ілінсең,
Көнбесіңе лаж бар ма.

Ілмектер: арыстан, көну, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.

Ілмектер: бөрі, қару, арыстан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Ілмектер: арыстан, түлкі, күлкі, парсы мақалы
WhatsApp Telegram