Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (44) Өлеңдер (134) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (58) Ұлағатты сөздер (5)

Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.

Ілмектер: жаман, ауыл

Көрген жерде ауыл бар.

Ілмектер: ауыл

Ақылды қыз — ауыл көркі.

Ілмектер: қыз, ақыл, ауыл

Ауыл-аймағыңмен,
Бота-тайлағыңмен.

Ілмектер: ауыл, жан-жануар, төрт түлік мал

Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі

Ілмектер: ауыл, жол

Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.

Ілмектер: той, ауыл, ойын

Өз ауылымның түтіні түзу шықсын.

Ілмектер: ауыл

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Ілмектер: ауыл, азамат

Ауыл аймағымен,
Бота тайлағымен.

Ілмектер: ауыл

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Ілмектер: ауыл, бауыр, туған, туыс

Ауылдас,
Ауылдаспен қауымдас.

Ілмектер: ауыл, таныс

Үйден ұзап шықпасаң
Қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң
Жақынға қадірің болмайды.

Ілмектер: үй, қатын, ауыл, жақын

Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысың болсын.

Ілмектер: ауыл, туыс, ағайын

Анамды жақсы көргендіктен
Келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.

Ілмектер: ана, ауыл, туған, туыс

Қызды ауылдың иті жатпас.

Ілмектер: қыз, ит, ауыл

Ауылы бірдің – ауызы бір.

Ілмектер: ауыл, ынтымақ

Ит үрген жерде ауыл бар.

Ілмектер: ит, ауыл

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ілмектер: ит, намыс, ауыл

Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер.

Ілмектер: той, ауыл

Ауыл үйдің моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.

Ілмектер: ауыл, ұрлық

Пікірлер