Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ел" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ердің көңілі жібектей
Ілмектер: ер, ел
Бір түйілсе, шешілмес.
Ер қонысы түбектей
Жау еркіндеп көсілмес.
Елінің даңқын батыры шығарар,
Ілмектер: ел, даңқ, батыр
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.
Қос ұл туған қатынды
Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.
Ері даңқты болса,
Ілмектер: ер, ел
Елі антты болса,
Әруағы артып жүреді,
Жауы аяғын тартып жүреді.
Ер айтса — ел айтқаны
Ілмектер: ер, ел
Елдің қамын жеп айтқаны.
Ер өтірік айтпайды,
Ілмектер: өтірік, ел, ер
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.
Ел жүрген жер — береке,
Ілмектер: ел, ер, береке
Ер жүрген жер — мереке.
Ердің айнасы — елі,
Ілмектер: ер, ел, жер
Жердің айнасы — көлі.
Жігіттің жолбарысы —
Ілмектер: жігіт, ел, жол
Жол торымайды, ел қориды.
Етек-жеңі кеңдік
Ілмектер: ел, ер
Елге тән қасиет.
Ептілік пен ерлік
Ерге тән қасиет.
Жығылған, жерге сүйенеді,
Ілмектер: жер, ел
Жыққан елге сүйенеді.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі