Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (62) Өлеңдер (99) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (497) Ұлағатты сөздер (890)

"адам" Мақал-мәтелдер

Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Адамына қарай сәлемі.

Ілмектер: адам, сәлем
WhatsApp Telegram

Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тіреу.

Ілмектер: жігіт, адам, кісі
WhatsApp Telegram

Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.

Ілмектер: адам, сыр
WhatsApp Telegram

Сұраған адам — қайыршы,
Ұрлаған адам — қарақшы.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.

Ілмектер: сыйлау, кісі, адам
WhatsApp Telegram

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ілмектер: жігіт, кісі, адам
WhatsApp Telegram

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Ілмектер: кісі, адам
WhatsApp Telegram

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Ілмектер: тәрбие, адам
WhatsApp Telegram

Сыпайы тоңбас, қалтырар.

Ілмектер: сыпайы, адам
WhatsApp Telegram

Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.

Ілмектер: адам, сыпайы
WhatsApp Telegram

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.

Ілмектер: адам, арман
WhatsApp Telegram

Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.

Ілмектер: сөз, жүрек, адам
WhatsApp Telegram

Шірік ағашқа асылма, құларсың,
Шірік адамға бас ұрма, жыларсың.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.

Ілмектер: жаман, тіл, адам
WhatsApp Telegram

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Ілмектер: адам, кемеңгер
WhatsApp Telegram

Кестешінің бізі — алтын,
Кемеңгердің сөзі — алтын,
Көрегеннің көзі — алтын.

Ілмектер: алтын, адам
WhatsApp Telegram

Жасық адам,
Жасына жетпей қартаяр.
Асыл адам,
Жасына жетпей марқаяр.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Желі тұрған оңынан.
Жеті өзеннен өтеді,
Жеті таудан өтеді,
Арманына жетеді.

Ілмектер: арман, адам
WhatsApp Telegram

Қыдырымпаз адамда — ұят болмайды,
Кеуек адамда қуат болмайды
Жел мінез адамда мұрат болмайды.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Шалға қарттық,
Жігітке жастық жарасады.

Ілмектер: жігіт, шал, қарт, адам
WhatsApp Telegram