Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (61) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (2)

Ат төбелі ай болмас.

Ілмектер: ат, ай

Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.

Ілмектер: ауыл, қонақ, ай, жыл, қону

Аяғының астында алты ай іздейді.

Ілмектер: аяқ, іздеу, алты, ай

Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.

Ілмектер: ай, күн

Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.

Ілмектер: батыр, ер, күн, ай

Ажал жетсе, ай да өледі,
Күні туса, күн де өледі.

Ілмектер: ажал, күн, ай

Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.

Ілмектер: ай, күн, патша, әлем

Айы біткен айда өтер,
Күні біткен күнде өтер.
Күні өтерін білмеген,
Бейілі кетіп, пір кетер.

Ілмектер: ай, күн

Алты ай от болып,
Айырылар күні боқ болма.

Ілмектер: алты, ай, боқ, күн

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Ілмектер: аспан, ай, күн, ел, жер, әкім

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал

Ай мен күн әлемге бірдей.

Ілмектер: ай, күн, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Пікірлер