Әке

Бұл бетте «Әке» атты Еркебұлан Серімханұлы жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тауың биік, тұлғаң асқар мен үшін,
Біз деп дағы аямаған бар күшін.
Ұл-қызыңның болашағын ойладың,
Еңбек еттің, тәлім бердің, тер төктің.

Әке сенің пейілің кең, ақжүрек,
Өзің барда жадырайды көңіл тек.
Бар жақсылық жиылсын деп жаныңа,
Тілеуіңді тілеп жүр ғой бұл тентек.

Сенің арқаң осы өмірге қосылдым,
Әке рақмет, ел қатарлы өсірдің.
Мейіріңді сая қылып жүргенде,
Маған қарай бақыт құсын ұшырдың.

Жүресің-ау, уақытпенен дамылсыз,
Қалайсыз-ау, бір тізумен мың кірпіш.
Деп айтасыз тоса қалсам құлақты:
- Ұлым менің, адалыңнан асыңды іш!!!

Бұл дүниеде ең бақытты кім десе,
Мүдірместен жауап беріп "Мен"-дер ем.
Себебі сол мынау жарық дүниеде,
Жанға демеу беріп жүрген бар әкем.

Мақтанамын, еңбек сүйер әкем бар,
"Әке саған болсыншы"- деп Алла жар!!
Өзің барда, еңсеремін талайды,
Мейлі-қырат, мейлі-таулар, мейлі-жар.

Автор: Еркебұлан Серімханұлы


Пікірлер (2)

Азамат

Керемет сөздер!

Мұрат

Еркебұлан Серімханұлы жазған «Әке» өлеңі жүректі тербеп, отбасы мен әкеге деген махаббатты шынайы сезіммен жеткізген ерекше туынды. Бұл өлеңде әкенің еңбегі, мейірімділігі мен қамқорлығына деген іңкәрлік нәзік тілмен көркем берілген. Әр жолы оқырманға рухани жылу сыйлап, отбасы құндылықтарының мәнін ұғындырады. Мұндай туындылар қазақ поэзиясының асыл қазынасы болары сөзсіз.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке өлеңінің авторы кім?

Еркебұлан Серімханұлы — осы өлеңнің авторы.

Әке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер