"гүл" туралы Мақал-мәтелдер
"гүл" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "гүл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Ілмектер:
гүл, жер
Тікен гүлін қорғайды.
Балқурай бүрін қорғайды.
Ілмектер:
өсімдіктер, гүл
Жаңа туған айды көрген
Бір мұрат,
Жаңа шыққан күнді көрген
Бір мұрат.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір мұрат.
Ілмектер:
мұрат, гүл
Гүл қайда болса,
Көбелек сонда.
Ілмектер:
гүл, көбелек
Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал.
Ілмектер:
гүл, бал, заһар
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Ілмектер:
Қыз, гүл, ел, жер
Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.
Ілмектер:
адам, тас, гүл
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Ілмектер:
ата, ұл, гүл
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі