Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (19) Өлеңдер (18) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (71)

"адамгершілік" туралы Мақал-мәтелдер

"адамгершілік" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "адамгершілік" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.

Ілмектер: ауыз, сыр, төр, есік, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, татулық
WhatsApp Telegram

Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, дос, достық, сауап, обал
WhatsApp Telegram

Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, жолдас, дос, достық, қиянат
WhatsApp Telegram

Соймасымды соямын,
Сүйгенімнің көңілі үшін.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, достық
WhatsApp Telegram

Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, достық
WhatsApp Telegram

Арқанды ат қазығына оралар.

Ілмектер: ат, арқан, қазық, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Асылдың бірі — адалдық.

Ілмектер: асыл, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Ілмектер: абырой, жіп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

Ілмектер: құлан, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Адалдық — ардың ісі.

Ілмектер: адалдық, ар, адал, адамгершілік, ізгілік
WhatsApp Telegram

Адамгершілікке арналған
Үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған,
Өзенге көпір салған,
Жолға ағаш еккен.

Ілмектер: сауап, адамгершілік
WhatsApp Telegram

Адамды тарлық
Шынықтырады.
Адамгершілікті барлық
Ұмыттырады.

Ілмектер: адам, адамгершілік
WhatsApp Telegram

Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Ілмектер: адам, адамгершілік, ұят
WhatsApp Telegram

Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.

Ілмектер: арақ, адамгершілік, дос
WhatsApp Telegram