Ата — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет
Бұл бөлімде "ата" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Атадан ұл туса еді,
Ата жолын қуса еді.
Ілмектер:
ата, жол, ұл
Атадан туған алтау едік,
Өле-өле жетеу болдық.
Ілмектер:
ата, алты, жеті
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Ілмектер:
ата, бала, төр, бас, есік
Атадан бала ширек төмен туады.
Ілмектер:
ата, бала
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
Ілмектер:
ата, ана, ұл, қыз
Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.
Ілмектер:
ата, ана, көз
Ата көрген жол пішер,
Ана көрген тон пішер.
Ілмектер:
ата, ана, тон, жол
Алыссаң, атаңды жық,
Аясаң, қоя бер.
Ілмектер:
ата, аяу, алысу
Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.
Ілмектер:
Алпыс, ақыл, ата
Аздың атасы бiр,
Көптiң батасы бiр.
Ілмектер:
ата, бата
Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.
Ілмектер:
әділдік, ата, құл
Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.
Ілмектер:
ата, бата, орда, би
Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер жалғыздық.
Ілмектер:
ата, жалғыздық
Тай өссе, ат тынығады,
Бала өссе, ата тынығады.
Ілмектер:
тай, бала, ата
Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.
Ілмектер:
татулық, араздық, ана, ата
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі