Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (2)

"көрші" туралы Мақал-мәтелдер

"көрші" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "көрші" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жақсы көрші тапқаның
Мол олжаға батқаның.

Ілмектер: көрші
WhatsApp Telegram

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз
WhatsApp Telegram

Үйінде не барын,
Көршіңнен сұра.

Ілмектер: көрші
WhatsApp Telegram

Көрші көршімен
Базарда көрісер.

Ілмектер: көрші
WhatsApp Telegram

Отты үрлей берсең, өшіресің,
Көршіні күндей берсең, көшіресің.

Ілмектер: көрші
WhatsApp Telegram

Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама.

Ілмектер: жақын, жаман, көрші, туыс
WhatsApp Telegram

Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді.

Ілмектер: әйел, көрші
WhatsApp Telegram

Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.

Ілмектер: көрші, ағайын, туыс
WhatsApp Telegram

Итің жақсы болса — ырысың,
Көршің жақсы болса — тынысың.

Ілмектер: ырыс, көрші
WhatsApp Telegram