Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (19) Өлеңдер (38) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (102)

"мінез" Мақал-мәтелдер

Бұл бөлімде "мінез" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.

Ілмектер: шайтан, мінез
WhatsApp Telegram

Жақсымен жанассаң
Атаққа ілінерсің.
Жаманмен жанассаң
Шатаққа ілігерсің.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез
WhatsApp Telegram

Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.

Ілмектер: адам, өмір, мінез
WhatsApp Telegram

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Ілмектер: мінез, адам
WhatsApp Telegram

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Ілмектер: адам, мінез
WhatsApp Telegram

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мінез, жігіт
WhatsApp Telegram