Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (17)

"от" туралы Мақал-мәтелдер

"от" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "от" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Қатын алдың, отын алдың.

Ілмектер: қатын, от
WhatsApp Telegram

Досқа атылған оқ, қойынға түскен шоқ.

Ілмектер: от, шоқ, дос
WhatsApp Telegram

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Ілмектер: аштық, ас, суық, от
WhatsApp Telegram

Алаудан тезек те, кезеп те жанады.

Ілмектер: алау, от, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.

Ілмектер: Алла, от, ақымақ
WhatsApp Telegram

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Ілмектер: от, құйын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ойын
WhatsApp Telegram

От арық, су семіз.

Ілмектер: от, су, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары
WhatsApp Telegram

От жанбағы көріктен.

Ілмектер: от, еңбек
WhatsApp Telegram

Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек, АҚШ халқының мақалы, от
WhatsApp Telegram

Отты сөндіргеннен, бақылаған оңай.

Ілмектер: от
WhatsApp Telegram

От пен су — тілсіз жау.

Ілмектер: жау, от, су
WhatsApp Telegram

От көрмеген от көрсе,
Күндіз шырақ жандырар.
Оқ көрмеген оқ көрсе,
Далаға атып даң қылар.

Ілмектер: от, көрмеген
WhatsApp Telegram

Қорықсаң — от жақ.
Қарның ашса — от жақ,
Жаурасаң — от жақ.

Ілмектер: от
WhatsApp Telegram

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

Ілмектер: от, шөп, білмеу
WhatsApp Telegram

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Ілмектер: су, от
WhatsApp Telegram

От — арық, су — семіз.

Ілмектер: от, су
WhatsApp Telegram

Ойыннан от шығады.

Ілмектер: ойын, от
WhatsApp Telegram