Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (440) Ұлағатты сөздер (234) Әзіл, анекдоттар (1)

Бұрын айтылмаған білімді
Жұрт сөзіңнен таниды.

Ілмектер: білім, жұрт, сөз

Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.

Ілмектер: Жел, сөз, жер, ой

Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай.

Ілмектер: Асыл сөз, сөз, қылыш, пышақ

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.

Ілмектер: өнер, қол, алтын, өлеңші, сөз

Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан.

Ілмектер: жаман, іс, сөз

Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.

Ілмектер: ұста, жақсы, сөз

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Ілмектер: дос, сөз

Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

Ілмектер: сөз, жылан

Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.

Ілмектер: қария, кітап, сөз

Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.

Ілмектер: төрт түлік мал, қазақ, өлең, сөз, тіл

Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.

Ілмектер: етікші, біз, сөз, қырағылық, сақтық

Қиын жерде жол тапқыш,
Түйін жерде — сөз тапқыш.

Ілмектер: сөз, тіл

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, сөз, ырыс, тіл

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

Ілмектер: сөз

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

Ілмектер: би, сөз, ақыл, көз, мақал, мәтел

Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, құн, мін, мақал, мәтел, сөз туралы мақал, шешендік өнер

Жақсы сөз жаныңды жадыратады,
Жаман сөз уайымға салындырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, сөз, жан, уайым, мақал

Пікірлер