Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (12)

"пейіл" туралы Мақал-мәтелдер

"пейіл" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "пейіл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Құр алғыс азық болмайды.

Ілмектер: алғыс, азық, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Қарғыстан кісі өлмейді.

Ілмектер: қарғыс, кісі, өлім, пейіл
WhatsApp Telegram

Алыстағы әулиеден,
Жақындағы машайық артық.

Ілмектер: пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Әулие қасындағысын қолтықтайды.

Ілмектер: пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Өзі тойса да, көзі тоймайды.

Ілмектер: ашқарақтық, ұят, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.

Ілмектер: етік, жең, пейіл, ұят, ас, төр, ынсап
WhatsApp Telegram

Көргенді көптеген жеңеді.

Ілмектер: ынсап, пейіл
WhatsApp Telegram

Кеме келгенде,
Қайық судан шығады.

Ілмектер: кеме, қайық, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Екі ұштыны бір күшті қосады.

Ілмектер: пейіл, күшті, ынсап
WhatsApp Telegram

Жеген аз, жегізген көп.

Ілмектер: пейіл, ынсап, ұят
WhatsApp Telegram

Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.

Ілмектер: қазан, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер.

Ілмектер: жарлы, кедей, ат, бай, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Сорлыға сорпа да жетпейді.

Ілмектер: сорлы, сорпа, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.

Ілмектер: жарлы, кедей, қуаныш, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Байды өркөкіректік өлтірер.

Ілмектер: өркөкірек, өлім, пейіл, ынсап, бай
WhatsApp Telegram

Қысқа жіп күрмеуге келмейді.

Ілмектер: жіп, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Жалғыз тары ботқа болмас,
Ботқа болса, жұртқа болмас.

Ілмектер: тары, ботқа, жұрт, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Жарлылығын жасырған байымас.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, байлық, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.

Ілмектер: ұят, ұрлық, ынсап, пейіл, қй, пара, ит, семіру
WhatsApp Telegram

Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді айтпа.

Ілмектер: үй, өкпе, пейіл, ынсап, ұят
WhatsApp Telegram