"тамақ" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"тамақ" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "тамақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Аз ас, көп ниет.
Ілмектер:
ас, тамақ
Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма.
Ілмектер:
ас, тамақ
Тоймай ішсең,
Көршіңнің көңілін аулайсың.
Тойып ішсең,
Бұтаның түбін аулайсың.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Асты түскен кезінде жейді.
Егінді піскен кезінде орады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Адам айдаса барман,
Дәм айдаса қалман.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Сырдың әр қамысының
Түбінде бір кесек от жатады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жас қымыздың қызуы түске шейін,
Желігі кешке шейін.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Тас әулие,
Тастай жанды балқытатын ас әулие.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Тауы жоқ болса, тасқа қорлық.
Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Тарысы бардың — тақаты бар,
Құрт, майы бардың — рахаты бар.
Қауыны бардың — сауыны бар,
Тілігі бардың — тынымы бар.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Асықтың етін
Аштан өлсең де жеме,
Тобықтың етін,
Тойып отырсаң да тастама.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Ертеңгі асты өзің іш,
Түскі асты түстенгішпен бөліп іш,
Кешкі асты жиналып көбің іш.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі