Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (139) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (149) Әзіл, анекдоттар (1)

Дос жылата айтар,
Дұшпан күлдіре айтар.

Ілмектер: дос, дұшпан, жылату

Досыңнан түйе сұрасаң,
Ұялғанынан бие берер.

Ілмектер: дос, түйе, бие

Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, дос, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Дос - егіз, дұшпан - сегіз.

Ілмектер: дос, дұшпан

Жаңадан дос тапсаң да, ескі досыңды ұмытпа.

Ілмектер: дос, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Досың мейірлі болса,
Ісің пейілді болар.

Ілмектер: дос, мейір, пейіл, іс

Хан азарында қарашысымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.

Ілмектер: хан, дос, би, қайырым

Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.

Ілмектер: бай, дос, сауда, бауыр

Досқа атылған оқ, қойынға түскен шоқ.

Ілмектер: от, шоқ, дос

Мал досы көптің, жан досы аз болады.

Ілмектер: дос, жан дос

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Ілмектер: дос, қадір, арыстан, тышқан, дұшпан

Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.

Ілмектер: ақымақ, дос, әке

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.

Ілмектер: дос, абырой, оңбаған

Надан достан тура дұшпан артық.

Ілмектер: надан, дос, дұшпан

Аңдысқан ауыл болмас,
Есептескен дос болмас.

Ілмектер: ауыл, дос, аңду

Мың досың аз, бір дұшпаның көп.

Ілмектер: дос, дұшпан

Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.

Ілмектер: ақымақ, дос, қас

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Ілмектер: дос, дұшпан, күлкі

Досыңа көз алартсаң,
Дұшпаның семсерін жарқылдатар.

Ілмектер: дос, дұшпан, семсер, парсы мақалы

Дос тапсаң –
Туыс табасың.

Ілмектер: дос, туыс, парсы мақалы