Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (15) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (81) Әзіл, анекдоттар (1)

"байлық" туралы Мақал-мәтелдер

"байлық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "байлық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бейнет көрмей,
Дәулет жоқ.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бай болып көргеніміз жоқ,
Кедей болып өлгеніміз жоқ.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бай бастас,
Бақыр мұңдас.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бардан тиер,
Балдан тамар.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жарлының жары құдай.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Борышын жасырған байымас.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жуан созылғанша,
Жіңішке үзіледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бар, барын айтады,
Жоқ зарын айтады.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бар болсаң — аспа,
Жоқ болсаң — саспа.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Күні біткен жалшы,
Көнекті сырттан сұрайды.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бармын деп мақтанба,
Жоқпын деп қорланба.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жарлы — жомарт,
Бай — нәмарт.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жаңа байыған,
Жақынын да танымас.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Мал байдікі,
Жан құдайдікі.

Ілмектер: бай, жан, байлық
WhatsApp Telegram

Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы — жалтаң.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Барымтаны бай алады,
Бәлесі кедейге қалады.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Шапқанда байдың ұлы,
Тоқтағанда есіңе түсер.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Он екі мүшең сау болса
Сәулет емей немене?!
Он саусағың сау болса
Дәулет емей немене?!

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram