Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (72) Өлеңдер (51) Мақал-мәтелдер (108) Ұлағатты сөздер (134) Әзіл, анекдоттар (7)

Әйел — Мақал-мәтелдер жинағы - 6-бет

Бұл бөлімде "әйел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Сиырды жақсы көрсеткен
Артындағы танасы
Әйелді жақсы көрсеткен
Қасындағы баласы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, әйел, жақсы, бала
WhatsApp Telegram

Жақсы жігіт,
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.

Ілмектер: жақсы, жігіт, әйел
WhatsApp Telegram

Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.

Ілмектер: әйел, еркек
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Ілмектер: жақсы, жақсылық, әйел
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс.

Ілмектер: әйел, ырыс, ұрыс
WhatsApp Telegram

Әйелі жоқ үй – жетім.

Ілмектер: әйел, үй, жетім
WhatsApp Telegram

Әйел сырын әйелден сұра.

Ілмектер: әйел
WhatsApp Telegram