"Тәрбие" туралы Мақал-мәтелдер
"Тәрбие" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Тәрбие" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Мал жан үшін керек,
Жан ар үшін керек.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Желге желіндеген
Мұзға бұзаулайды.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Жер басқанға мәз болма,
Жерде ізің қалмаса.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Ағасына қарай інісі,
Апасына қарай сіңлісі.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Ілмектер:
әдеп, тәрбие, өнеге
Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.
Ілмектер:
аға, туыс, тәрбие, өнеге
Жердің үстімен барып,
Астымен қайтыпты.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
Ілмектер:
әдеп, тәрбие, өнеге
Зор шортан шапса,
Қармағыңды әкетеді.
Зормен ұстассаң,
Бармағыңды әкетеді.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Тонының жылылығын иесі біледі.
Көсеуі қысқаның қолы қүйеді.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі