"тағам" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "тағам" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ас иесінің әлі біледі,
Асатушының қолы біледі.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Өкпе бер, бауыр бер,
Сыбағамды тәуір бер.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жандыда бәрі мешкей,
Жансызда тері мәшкей.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жарты құрсақ пайда,
Бүтін құрсақ қайда?!
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Өре табылса — шабақ,
Талқан табылса — тамақ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Аш та отыра алмайсың
Ашып та отыра алмайсың.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Қарны ашқанға
Қара талқан майдай көрінеді.
Қатын зары өткенге
Қара қатын айдай көрінеді.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Ішілмеген ас умен тең,
Кісі кірмеген үй — көрмен тең.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Келеді екен деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Екі жас,
Екі жасқа желке менен жөргем де ас.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Тоқты сойған тоқалдар,
Шөміш алып қоқаңдар.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Бассыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Үйінде асы жоқтың
Көңілінің қошы жоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Үйінде асы жоқтың
Түзінде досы жоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі