Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (25)

Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды

Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, ақыл

Ақымақпен астаспа
Ақылдымен қастаспа.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, ақыл

Тақырға біткен төбе
Таудай көрінеді.
Екі тентек қосылса
Саудай көрінеді.
Бір тентек бір ақылды қосылса,
Жаудай көрінеді.

Ілмектер: ақыл, ақылды

Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, ақылды, таяқ

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау

Ақылдыға ишарат та артық.

Ілмектер: ақылды, ақыл, ишарат, парсы мақалы

Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.

Ілмектер: ажал, ақылды, ақмақ

Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, адам, менмендік

Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.

Ілмектер: ақылды, от, қазан, ақымақ

Ақылды көршің — саяң,
Ақымақ көрші — шаян.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ

Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ

Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.

Ілмектер: ақылды, басшы, ел

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.

Ілмектер: ақылды, ер, адам, көңіл, аулау, күйзеліс, күншіл, дау

Ақылды кісінің ісі де ақылды,
Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да былғаныш.

Ілмектер: ақыл, ақылды, біліксіз

Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.

Ілмектер: ақылды, алыс, ақымақ, ақыр заман

Ақылды қомағай астына қарар,
Ақылсыз қомағай үстіне қарар.

Ілмектер: ақылды, қомағай, асты, үсті

Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.

Ілмектер: ақылды, ой, тентек, іс

Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!

Ілмектер: ақылды, дүние, тікенек, аяқ

Ақылдыны іздегеннің өзі — нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі — нағыз білімді.

Ілмектер: ақылды, білімді