Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (30)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Жамандық" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"Жамандық" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Жамандық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Егер сіз жамандықты түзетпесеңіз, ол екі есе артады.

Ілмектер: жамандық, мысыр мақалы, арту, түзету
WhatsApp Telegram

Жамандық іздетпей-ақ табылады.

Ілмектер: жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.

Ілмектер: асығу, жақсылық, жамандық, берекет, пәлекет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.

Ілмектер: жамандық, амандық, қадір, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге тілеме.

Ілмектер: тілеу, жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсылық қылсаң жақсылық табарсың,
Жамандық қылсаң жамандық табарсың.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жамандық көрмей, жақсы болмас.

Ілмектер: жамандық, жақсы
WhatsApp Telegram

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Ілмектер: жамандық, жақсылық, бақ, дәулет
WhatsApp Telegram

Жамандық жақын, жақсылық алыс.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, алыс, жақын
WhatsApp Telegram

Өзіңді-өзің тәрбиелеп қинағаның,
Жамандыққа қимағаның.

Ілмектер: тәрбие, жамандық
WhatsApp Telegram

Жамандық қылғанға –
Жақсылық қыл.

Ілмектер: жамандық, жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсылық таудың басында,
Жамандық табан астында.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсылық жар басында,
Жамандық жастық астында.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жамандыққа жақсылық.
Ұяты барды ұрғаның.
Жақсылыққа жамандық
Тек зұлымдық қылғаның.

Ілмектер: жамандық, мінез-құлық
WhatsApp Telegram

Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жамандықта – тек жоқ,
Жауыздықта – шек жоқ.

Ілмектер: жамандық
WhatsApp Telegram

Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас.

Ілмектер: жолдас, жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.

Ілмектер: жақсы, жамандық
WhatsApp Telegram

Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма.

Ілмектер: жамандық, сақтық
WhatsApp Telegram