Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (54)

Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық.

Ілмектер: қайыр, пайда, залал, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық

Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.

Ілмектер: пайда, пана, пейіл, ынсап

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.

Ілмектер: ат, пайда, айла, ер, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.

Ілмектер: қайыр, су, тау, пайда, пана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.

Ілмектер: өтірік, рас, шындық, пайда, залал

Пайдалы істі асығытық – астамшылық.

Ілмектер: асығу, іс, пайда, парсы мақалы

Дәнекерлегеніне ілекерлеп пайда көздейді.

Ілмектер: пайда, дәнекер, парсы мақалы

Пайда түсетінін білсе,
Саудагер сүйіктісін де сатады.

Ілмектер: сауда, саудагер, пайда

Пайдаға жүгірген,
Пәлеге жолығар.

Ілмектер: пайда, пәле

Жаманның досы көп,
Жанына пайдасы жоқ.

Ілмектер: жаман, дос, пайда

Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.

Ілмектер: ақыл, пайда

Асығыс істен пайда жоқ.

Ілмектер: асығу, пайда

Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.

Ілмектер: аяқ, етік, ақырет, көр, тар, пайда

Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.

Ілмектер: бақыр, қазан, ас, тағам, пайда

Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Көп те болса, ешбір түсім термедім.

Ілмектер: пайда, сөз

Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.

Ілмектер: алтын, пайда, білу, білмеу