Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (57)

Әйелдің жалғыз жетістігі бар:
Ол — дақ түспеген ары.

Ілмектер: әйел, ар, дақ, жетістік

Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.

Ілмектер: әке, жетім, шеше, ар, ерке

Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.

Ілмектер: әдептілік, ар, ұят, надан, мінез, адам, адам және оның қасиеттері

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Ілмектер: ұят, абырой, ар, тәрбие, өнеге

Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.

Ілмектер: ақыл, ар, ұят, адам, адам және оның қасиеттері

Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.

Ілмектер: дүние, өмір, өмір туралы, ар, арсыз, адам

Мал сақтама, ар сақта.

Ілмектер: ар