Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (39) Өлеңдер (68) Мақал-мәтелдер (103) Ұлағатты сөздер (22) Әзіл, анекдоттар (2)

Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.

Ілмектер: ата, бала

Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер жалғыздық.

Ілмектер: ата, жалғыздық

Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.

Ілмектер: ата, бата, орда, би

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Ілмектер: әділдік, ата, құл

Аздың атасы бiр,
Көптiң батасы бiр.

Ілмектер: ата, бата

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш,
Ұсынған мойынды кісі кеспес.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, ата, құн, мойын

Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.

Ілмектер: Алпыс, ақыл, ата

Алыссаң, атаңды жық,
Аясаң, қоя бер.

Ілмектер: ата, аяу, алысу

Ата көрген жол пішер,
Ана көрген тон пішер.

Ілмектер: ата, ана, тон, жол

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп

Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.

Ілмектер: ата, ана, көз

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.

Ілмектер: ата, ана, ұрпақ, бала, жақсы, жаман

Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.

Ілмектер: ата, ана, менмендік, бай, байлық

Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.

Ілмектер: ата, ана, ұл, қыз

Атадан бала ширек төмен туады.

Ілмектер: ата, бала

Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.

Ілмектер: ата, бала, төр, бас, есік

Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.

Ілмектер: ата, жалғыз, жалғыздық, ру

Атадан туған алтау едік,
Өле-өле жетеу болдық.

Ілмектер: ата, алты, жеті

Атадан ұл туса еді,
Ата жолын қуса еді.

Ілмектер: ата, жол, ұл

Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.

Ілмектер: ата, бала, жетім, көз, тоқтық

×