Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (2)

Бұлақ басынан былғанады.

Ілмектер: бұлақ, былғану, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сұйық айранды судай сапырды.

Ілмектер: айран, сұйық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тағдырға жазылған өзгермейді.

Ілмектер: тағдыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.

(Патай — бұрыш қосқан тағам)

Ілмектер: тамақ, бұлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.

Ілмектер: сұлу, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.

Ілмектер: түйе, ойран, дүние, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ініне кіре алмай жүріп, тышқан құйрығына сыпырғыш байлап алыпты.

Ілмектер: ін, тышқан, сыпырғыш, сыпырғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тірі піл жүз мың тұрады,
Өлгеннен соң – екі есе.

Ілмектер: піл, құн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Үндемей қапқан – ит емес.

Ілмектер: ит, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ұйықтап жатқан арыстанды неге оятасың?

Ілмектер: ұйқы, арыстан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.

Ілмектер: киім, жаңбыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жамау

Батырдың өзегі үзілгенімен, өзі өлмейді.

Ілмектер: ауған елінің мақалы, ауған мақалы, батыр

Шөлдеген түсінде көл көреді.

Ілмектер: көл, шөлдеу, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.

Ілмектер: аспан, тас, тақия, темір, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Біреуге – қайғы,
Біреуге – қуаныш.

Ілмектер: қайғы, қуаныш, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Өрт нақ қызғанда,
Су тапқызбайды.

Ілмектер: өрт, су, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бос құмыраның жаңғырығы әуезді.

Ілмектер: құмыра, бос, жаңғырық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

«Ханмын!» деп кеудеңді қақанмен,
Хандықты тақпайды.

Ілмектер: хан, кеуде, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жақсы жеңгең – жарты анаң.

Ілмектер: жеңге, ана, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.

Ілмектер: арқа, ақыл, аспан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы