Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (1)

"бұзау" туралы Мақал-мәтелдер

"бұзау" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "бұзау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.

Ілмектер: үй, сүт, бұзау, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бұзау мұз жалайды,
Торпақ тұз жалайды.

Ілмектер: мұз, бұзау, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Болар бұзау тезегінен белгілі.

Ілмектер: бұзау, тезек, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Обыр сиырдан өлі бұзау туады.

Ілмектер: обыр, сиыр, бұзау, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қорада бұзау туса,
Далада шөбі өседі.

Ілмектер: қора, бұзау, шөп
WhatsApp Telegram

Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.

Ілмектер: өгіз, бұзау, бас, аяқ
WhatsApp Telegram

Қолда өскен бұзау өгіз болмас.

Ілмектер: бұзау, өгіз
WhatsApp Telegram

Бұзаудың жүгіргені құлын қораға шейін.

Ілмектер: бұзау, қора, құлын, жүгіру
WhatsApp Telegram

Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, бұзау, өгіз
WhatsApp Telegram

Өгіздің отын оттап,
Бұзаудың орнына жатпа.

Ілмектер: еңбек, өгіз, бұзау
WhatsApp Telegram