Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Асыққан қыз ерге жетпес,
Ерге жетсе, етек-жеңі жерге жетпес.

Ілмектер: асығу, ер, қыз

Әйелі жақсы болса,
Ері де керім.

Ілмектер: әйел, ер, жақсы, қырғыз мақалы

Алған ері жарасса,
Қара қатын ақ болар.

Ілмектер: ер, әйел, жарасу, қырғыз мақалы, ақ, қара

Ер көрге де күліп кіреді.

Ілмектер: ер, күлу, көр, қырғыз мақалы

Ер еңбегін жер жұтпайды.

Ілмектер: ер, еңбек, жер

Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.

Ілмектер: жалғыздық, ат, шаң, ер, даңқ

Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.

Ілмектер: қате, қателік, ер, көл, бақа

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Ілмектер: ер, тамақ, бөрі, қасқыр, жол

Ер — әлімен,
Жер — кенімен.

Ілмектер: ер, жер, әл, кен, қырғыз мақалы

Ерегістен ер өледі.

Ілмектер: ерегісу, ер, өлім, қырғыз мақалы

Жер сәні — егін,
Ер сәні — білім.

Ілмектер: жер, ер, білім, егіншілік

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.

Ілмектер: ер, аштық, намыс

Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.

Ілмектер: жаман, ер, мал, көрші

Қатыны ерге қарайды,
Ері жерге қарайды.

Ілмектер: ер, қатын

Ердің құны жүз жылқы, қатыны мың жылқы.

Ілмектер: ер, құн, жылқы, қатын

Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, ел

Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

Ілмектер: білім, ер, жер, сән

Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.

Ілмектер: еңбек, ер

Ер арыса — аруақ,
Ат арыса — тулақ.

Ілмектер: ер

Ел басына күн туса,
Ерлер атқа ер салар.

Ілмектер: ел, ер