Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (53)

Ат үйірін сағынса
Артқы аяғын қағынар,
Ер үйірін сағынса
Ер-тұрманын тағынар.

Ілмектер: ер, ел, жұрт

Елінен безіп, елсізде өлгеннің
Екі көзін қарға шұқиды.

Ілмектер: ел, жұрт

Елде болса ерінге тиеді,
Ауылда болса, ауызға тиеді.

Ілмектер: ел, жұрт

Елді жерде
Түлкі аштан өлмес.

Ілмектер: ел, жұрт

Адассаң,
Еліңмен адас.

Ілмектер: ел, жұрт

Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпелі елді отыр деме.

Ілмектер: ел, жұрт

Елу жылда — ел жаңа,
Жүз жылда — қазан.

Ілмектер: ел, жұрт

Ел аузы — дуалы,
Көп аузы — куәлі.

Ілмектер: ел, жұрт

Қырықтың бірі — қыдыр.

Ілмектер: қыдыр, ел, жұрт

Жұтаған ел — жұртын мақтайды,
Ашыққан ел — құртын мақтайды.

Ілмектер: ел, жұрт

Көшпелі елде аласың болса,
Көше-көше қасыңа келер.

Ілмектер: ел, жұрт

Елдің көзі — елу.

Ілмектер: ел, жұрт

Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.

Ілмектер: еңбек, ел, жұрт

Тозар елдің — жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.

Ілмектер: ел, жұрт

Көпке жақын — көкке жақын.

Ілмектер: ел, жұрт

Ынтымақ қосып ел болып
Жұрт жасаған тірлікті айт!

Ілмектер: ынтымақ, ел, жұрт

Берекелі елдің
Бетін ешкім қақпайды.
Берекелі жердің
Жыланы да шақпайды.

Ілмектер: береке, ел, жұрт

Айрылған ел — азар,
Қосылған ел — озар.

Ілмектер: ел, жұрт

Ел батылын жасқамайды,
Момынын жұртқа тастамайды.

Ілмектер: ел, жұрт

Тау белгісі — тас болар.
Бар белгісі — ас болар.
Азған елдің белгісі —
Бір-біріне қас болар.

Ілмектер: ел, ас, жұрт, халық