Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (48)

Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер

Ілмектер: мал

Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.

Ілмектер: жаман, мал

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

Ілмектер: мал, ар

Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.

Ілмектер: адам, мал

Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.

Ілмектер: адам, мал, ұйымшыл

Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.

Ілмектер: олжа, ауру, мал

Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.

Ілмектер: мал, өлім, молда

Барымтадан қорыққан
Мал жимас.

Ілмектер: барымта, мал, қорқу

Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр.

Ілмектер: мал

Шөмелені шөбім бар деме,
Несиені малым бар деме.

Ілмектер: несие, мал

Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.

Ілмектер: мал, жан, үміт

Басы аманның малы түгел,
Елі аманның жаны түгел.

Ілмектер: мал, амандық

Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.

Ілмектер: мал, ар, күлкі, ұйқы

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Ілмектер: мал, жан, қайғы

Артық мал
Ақы сұралмайды.

Ілмектер: мал, ақы

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Ілмектер: мал, төл

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Ілмектер: мал, жер

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.

Ілмектер: ел, мал, жер

Әзірейіл барда,
Жаным бар деме.
Барымта барда
Малым бар деме.

Ілмектер: мал, барымта

Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.

Ілмектер: мал, бала