Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (25)

"мақтау" туралы Мақал-мәтелдер

"мақтау" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мақтау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Байлық іздеп, мақтан тілеп жортқан да,
Жарасады кісілігі артқанға.

Ілмектер: байлық, мақтау
WhatsApp Telegram

Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.

Ілмектер: нағашы, бүркіт, ұя, жігіт, мақтау
WhatsApp Telegram

Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.

Ілмектер: мақтау, сый, құрмет
WhatsApp Telegram

Күмісші оқасын мақтар.

Ілмектер: күмісші, оқа, мақтау
WhatsApp Telegram

Сыртынан мақтаған — сыпайылық,
Көзінше мақтанған — көргенсіздік.

Ілмектер: мақтау
WhatsApp Telegram

Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды.

Ілмектер: мақтау, ел
WhatsApp Telegram

Жаураған үйде қалған тонын мақтайды,
Адасқан жоғалтып алған жолын мақтайды.

Ілмектер: тәрбие, мақтау, өнеге
WhatsApp Telegram

Өзін өзі мақтаған —
Өлімнің қара басы.

Ілмектер: мақтау, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала қаз көлін мақтайды,
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихангер жерін мақтайды.

Ілмектер: мақтау
WhatsApp Telegram

Орынсыз мақтау
Орға жығады.

Ілмектер: мақтау
WhatsApp Telegram

Ат мінбей,
Атыңды мақтама,
Жыл тұрмай,
Қатыныңды мақтама.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мақтау, қатын
WhatsApp Telegram