Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (24) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (25)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"намыс" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"намыс" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "намыс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бүркіттің сайрағаны – өлгені.

Ілмектер: бүркіт, құс туралы, Қыран құс, намыс
WhatsApp Telegram

Ар намыстың пəктігі -
Жан дүниенің шаттығы

Ілмектер: нақыл, намыс
WhatsApp Telegram

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.

Ілмектер: ер, аштық, намыс
WhatsApp Telegram

Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.

Ілмектер: жігіт, намыс, ар, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ер намысының құлы.

Ілмектер: ер, намыс, ерлік, батырлық
WhatsApp Telegram

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ілмектер: ит, намыс, ауыл
WhatsApp Telegram

Намысы бар жігіттің
Нар күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Қай күші бар?

Ілмектер: намыс
WhatsApp Telegram

Намысы бар жігіттің
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?

Ілмектер: намыс, жігіт
WhatsApp Telegram

Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.

Ілмектер: ер, намыс
WhatsApp Telegram

Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.

Ілмектер: намыс, жігіт
WhatsApp Telegram

Жүйрік алысқа,
Жігіт намысқа шабады.

Ілмектер: жігіт, намыс
WhatsApp Telegram

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Ілмектер: ар, намыс, жігіт, жолдас
WhatsApp Telegram

Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, намыс
WhatsApp Telegram

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

Ілмектер: намыс, ар, жар, жігіт
WhatsApp Telegram

Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды.

Ілмектер: жаман, намыс
WhatsApp Telegram

Ер — намысының құлы.

Ілмектер: ер, намыс
WhatsApp Telegram

Бөріктінің намысы бір.

Ілмектер: бөрік, намыс
WhatsApp Telegram