"ниет" туралы Мақал-мәтелдер
"ниет" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ниет" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып ниетін
Ынтымаққа жетіпті.
Ілмектер:
ынтымақ, ниет
Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.
Ілмектер:
бай, ақша, ниет, ізгі
Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.
Ілмектер:
жауыз, ниет
Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.
Ілмектер:
жаман, ниет
Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме!
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.
Ілмектер:
ниет, ағайын, туыс
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Ілмектер:
ас, ниет
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
Ілмектер:
ас, ниет
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі