Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (14) Мақал-мәтелдер (158) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (1)

Қиялдағы тілекті,
Қолдағы тірлік билейді.

Ілмектер: қиял, тірлік, қырғыз мақалы

А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.

Ілмектер: бала, сана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Ілмектер: әдеп, әкім, ел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.

Ілмектер: қатын, қамшы, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Балықтың тірлігі суменен.

Ілмектер: балық, тірлік, су

Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.

Ілмектер: киім, кеңес, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Білмегенді білдір, қолына алтын жүзік ілдір.

Ілмектер: алтын, жүзік, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.

Ілмектер: бата, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Мың жұмақтан - бір күн тірлік.

Ілмектер: жұмақ, күн, тірлік

Ай мен күн әлемге бірдей.

Ілмектер: ай, күн, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Ілмектер: ақыл, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өзің не істесең, алдыңа сол келер.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жақсылық қылсаң бүтін қыл.

Ілмектер: Жақсылық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Ілмектер: от, құйын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ойын

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Ілмектер: қылыш, тіл, жара, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе.

Ілмектер: сенім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұят - иман белгісі.

Ілмектер: ұят, иман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.

Ілмектер: аға, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар