Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"Қайсарлық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Қайсарлық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қылыштың міндеті — кесу,
Ілмектер: міндет, батырлық, қайсарлық
Қолдың міндеті — шешу.
Аянкестің белгісі —
Ілмектер: батырлық, қайсарлық
Арықты да «жар» дейді.
Еркетайдың белгісі —
Кең дүниені «тар» дейді.
Оқтаулы мылтық
Ілмектер: мылтық, батырлық, қайсарлық
Мың күн атылмайды,
Бір күн атылады.
Керуен басы білікті болса —
Ілмектер: батырлық, қайсарлық
Көлік азбайды.
Қолбасы білікті болса —
Сарбаз тозбайды.
Қынапсыз қылыштан шошын,
Ілмектер: батырлық, қайсарлық
Күтпеген ұрыстан шошын.
Қақпақты найзамен ашпас болар,
Ілмектер: батырлық, қайсарлық, батыр
Күлді қылышпен шашпас болар.
Шоқпарды сала білмеген,
Ілмектер: батыр, қайсарлық
Өзіне тигізер.
Инені ұстай білмеген,
Көзіне кіргізер.
Ақ білектің күшімен,
Ілмектер: батыр, қайсарлық
Ақ найзаның ұшымен.
Арзымасқа алдырма,
Ілмектер: ұят, ата, қайсарлық
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Бұқа болар бұзау,
Ілмектер: қайсарлық, төрт түлік мал, батыр
Биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Титтейінен белгілі.
Тепсе темір үзетін —
Ілмектер: батыр, қайсарлық
Жас қолында күзетім.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі