Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (35) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.

Ілмектер: ат, тай, бала, қонақ, отбасы, туыс, жанұя

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Ілмектер: қонақ, ризашылық, ас, тағам

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Ілмектер: қонақ, үй, қыдыру

Қонак құдайдың еркесі.

Ілмектер: қонақ, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қонғанша қонақ ұялады,
Қонғаннан соң үй иесі ұялады.

Ілмектер: қонақ, үй, ұят

Қонақ "тоймадым" демес, "соймады" дер.

Ілмектер: қонақ

Үре білмеген ит үйіне қонақ келтірер.

Ілмектер: ит, қонақ, үй

Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонағы билейді.

Ілмектер: кедей, үй, қонақ, бойдақ

Жан тәнге қонақ.

Ілмектер: жан, тән, қонақ

Малымды алса да, қонағымды алмасын.

Ілмектер: мал, қонақ

Қадірлі қонақ – үш күндік.

Ілмектер: қонақ, парсы мақалы

Үйде барына әркім қонақ.

Ілмектер: үй, қонақ, парсы мақалы

Қонаққа да, қолдиірмен тартқызады.

Ілмектер: қонақ, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Қонағын барымен сыйласа,
Жанымен ырза болар.

Ілмектер: қонақ, сыйлау

Қонақасын қожасы асаса да,
Қонағына де кезек келер.

Ілмектер: қонақ

Сіздікіне барғанда,
Қымыз ішсін, ми жесін:
Біздікіне келгенде –
Әндетсін де билесін.

Ілмектер: қымыз, қонақ, ән, би, қырғыз мақалы

Битті қонақ сияды,
Итті қонақ симайды.

Ілмектер: бит, ит, қонақ, қырғыз мақалы

Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.

Ілмектер: қонақ, қой, жуас

Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

Ілмектер: сыйлы, қонақ

Қонақтың қаржысымен қой сойсаң,
Атымтай Жомарттан нең кем.
Арғымақтың желісінен,
Аруананың өрісі кең.

Ілмектер: қонақ, жомарт, парсы мақалы